Қазақстандық Әліби Ыдырыс UFC дегі алғашқы жекпе жегінде жеңіске жетті

22.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Әліби Ыдырыс UFC-дегі дебюттік жекпе-жегіне АҚШ-тың Техас штатындағы Хьюстон қаласында өткен Fight Night 267 турнирінде шығып, америкалық Оди Осборнмен (13-9) кездесті. Ең жеңіл салмақта өткен жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Ә.Ыдырыс жеңіске жетті.

Осылайша қазақстандық спортшы кәсіби мансабындағы он бірінші жеңісін тіркеп, UFC-де алғашқы қадамын сәтті жасады. Оның қарсыласы Оди Осборн кәсіби ММА-дағы оныншы жеңілісіне ұшырады.

Еске салсақ, бұған дейінгі жекпе-жегінде Ыдырыс та UFC турнирінде өнер көрсеткен, алайда ол кезде жекпе-жекте тек промоушенмен келісімшарт ұтысқа тігілген болатын. Кейін Әліби  UFC-мен төрт жекпе-жекке келісімшартқа қол қойды.

Бұған дейін қазақстандық файтер Николай Веретенников Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 113 турнирінде сәтті өнер көрсетіп, UFC-ден алғаш рет бонустар алғаны хабарланған еді.

Сондай-ақ UFC рейтингінде қалған жалғыз қазақстандық Асу Алмабаевтың бір саты төмендегенін жаздық.

Ал Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде бір саты төмендеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью