Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Ақтау гарнизонында ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқаруды үйрететін мамандандырылған сынып ашылды. Бұл алаңның ерекшелігі сол - мұнда алақанға сыйып кететін ықшамдалған дрондар мен шағын жүктерді тасымалдауға қауқарлы аппараттар бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz 24.kz арнасына сілтеме жасап.
Ақтау гарнизонында ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқаруды үйрететін мамандандырылған сынып ашылды. Бұл алаңның ерекшелігі сол - мұнда алақанға сыйып кететін ықшамдалған дрондар мен шағын жүктерді тасымалдауға қауқарлы аппараттар бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz 24.kz арнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, 2 сәуірде Қазақстанның Әскери-теңіз күштері құрылғанына 33 жыл толды. Әскери қызметшілер бұл мерекені жаңа жетістіктермен - ұшқышсыз технологияларды дамытумен және заманауи оқу сыныптары ашылуымен қарсы алып жатыр.
Дрон операторлары алғашқы дағдыларын оқу сыныбындағы симулятор арқылы шыңдайды. Содан кейін ұшқыштар ҰҰА-ны әртүрлі көлемдегі және пішіндегі арнайы жақтаулардан өткізіп үйренуге тиіс.
Сюжетте көрсетілген дронды әскерилер шағын көлеміне байланысты өзара "инелік" деп атайды. Салмағы небәрі 150 грамм болғанымен, ол камерамен, антеннамен және аккумулятормен жабдықталған. Әскерилерді ұшқышсыз аппараттарды басқаруға үйрету дәл осы құрылғыдан басталады.
Салмағы жеңіл болғанына қарамастан, бұл аппаратты басқару оңай емес. Ол пилотаждағы ең күрделі құрылғылардың бірі саналады: джойстиктің кілт қимылы дронның тепе-теңдігін бұзуы мүмкін. Сондықтан оператор "инелікті" меңгерсе, дронның кез келген түрін еркін басқара алады. Айта кетейік, ақпаратта оның ұшу радиусы 100 метрге дейін жететіні жазылған.
"ҰҰА операторы далада бәрін бөлшектеп, қайта жинай білуі керек. Оның зертханаға баруға уақыты болмайды. Соғыс алаңында ол бәрін нөлден бастап жинап, сол жерде кез келген тапсырманы орындауға тиіс. Біз оларды қалай қолдану керегін толық үйретеміз. Бізде қосалқы бөлшектер мен дәнекерлеу құралдары бар", - деді ҰҰА есептобының бастығы.
Көлемі үлкенірек ұшқышсыз аппараттарда сандық камера орнатылған, ол дәлірек әрі тұрақты бейне таратады. Соғыс жағдайында мұндай аппараттар тек барлау жасап қоймайды, әуеге снарядтар көтеріп, нысананы жоюға қабілетті. Бұл ретте оператор соққы беру орнынан айтарлықтай қашықтықта бола алады.
"Ақтөбеден шақырылдым. Бір жылдан бері қызмет етіп келемін. Дрондарды басқаруды және оларды жөндеуді үйрендім. Бұл өте қызық. Мұнда әскер мен технология ұштасқан. Сондықтан келісімшарт бойынша қызметте қалуды ұйғардым", - деді аға маман - ҰҰА операторы Әсет Жақсығалиев.
Әскери қызметшілер алған дағдыларын полигонда пысықтайды, ал бұл оқу сыныбынан мүлдем бөлек.
Операторлардың оқу-жаттығу кезінде орындайтын негізгі міндеттерінің бірі - дрондардың көмегімен алдыңғы шепке оқ-дәрі жеткізу. Дәл осындай технологиялар бүгінде заманауи армияның ажырамас бөлігіне айналған.
Тағы оқыңыз: Қазақстан армиясында дрон операторларын оқыта бастайды