Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Түркістан облысындағы ауруханалардың бірінде кейінгі үш айда бес жасқа дейінгі алты бала шетінеп кетті. Ата-аналар сәбилерінің өліміне дәрігерлерді кінәлап, жауапты тұлғаларды жазалауды талап етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Түркістан облысындағы ауруханалардың бірінде кейінгі үш айда бес жасқа дейінгі алты бала шетінеп кетті. Ата-аналар сәбилерінің өліміне дәрігерлерді кінәлап, жауапты тұлғаларды жазалауды талап етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Телеарна ақпаратынша, Бекжан Төлегенов пен Майра Жұмашева сегіз айлық ұлы Рашидтен айырылып қалған. Олар баланың жағдайы екпеден кейін күрт нашарлады деп есептейді. Сәби ауруханаға дереу жеткізілгенімен, ерлі-зайыптылар дәрігерлер тиісті көмек көрсетпегеніне сенімді.
"Үйге келген соң жарты сағат өтпей балам құса бастады, суық тер басып, әлсіреп кетті. Бұл екпеден кейін болды. Біз бірден осында, ауруханаға келдік. Реаниматологты шақырды - ол келді, жақсы. Бірақ ол неге баламды қолына алып, көмек көрсетпеді, тексермеді, жүрегін, басын қарамады? Баланың қай мүшесі сыр беріп жатқанын неге анықтамады, толық тексеру жүргізбеді?" - дейді Майра Жұмашева.
Арада 16 сағат өткенде сәби жансақтау бөлімінде көз жұмған.
Ауылдың тағы бір тұрғыны екі жасар ұлынан кенеттен айырылып қалғанын айтып берді.
Нұрбақыт Құрақбай баласын дене қызуы көтерілгендіктен дәрігерлерге әкелген. Әкесінің айтуынша, ұлы аурухана есігінен өзі кірген, бірақ көп ұзамай оның денесін алып шыққан. Бұл ретте, әкесінің сөзіне қарағанда, ешкім жазаланбаған.
ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС
Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті
19 сәуір 22:47 1
Қызылордадағы жол апаты: марқұмның отбасы Lexus жүргізушісі кінәлі болуы мүмкін екенін мәлімдеді
30 наурыз 15:27 1
Қорғаныс министрлігі Атырау облысында әскери техника түсірілген видеоға пікір білдірді
31 наурыз 16:22 1
"Оны дұрыстап қарамады. Біз сап-сау баланы алып келдік, ал екі күннен кейін мәйітін алып кеттік. Егер дұрыс қарағанда, істі соңына дейін жеткізер еді. Ал қазір бұл дәрігерлер жұмысын ауыстырып, солтүстікке кетіп қалған", - деді Нұрбақыт Құрақбай.
Ауыл тұрғындары ауруханада өлім-жітімнің тым көп екенін түсінгенде, шу шығарды. Осы кезде оларға тағы бір әйел қосылды. Оның айтуынша, ол осыдан екі ай бұрын екі немересінен бірдей айырылған. Бірі туылмай жатып шетінеген, келіні тұңғышынан айырылып қалған. Ал екіншісін, екі жасар баланы, тек асқазанын тексертуге әкелген, бірақ жансыз денесін алып кеткен.
"Бала жарты стақан анар жеген еді. Содан қышқылдығы сәл көтеріліп, құса бастады. Біз аудандық ауруханаға барып, асқазанын тексертіп, егу жасатып қайтамыз деп шештік. Бала үйден өзі жүгіріп шығып, күртешесін киіп, ойнап жүрген. Медициналық білімі бар келінімнің айтуынша, оған сәйкес келмейтін қан тобын құйған", - деді Айнагүл Әуезова.
Ауыл тұрғындарының шағымына жауап берген аурухана өкілдері жыл басынан бері мұнда 2,5 мың балаға көмек көрсетілгенін хабарлады. Сонымен қатар бес жасқа дейінгі алты пациенттің қайтыс болғанын растады.
"Бұл үш бала бір тәуліктің ішінде шетінеді. Олардың бәрі бірдей диагнозбен, яғни құсу белгілерімен түскен. Әр жағдай бойынша талдау жүргізілді. Тиісті мамандар шара қолданды. Алдағы уақытта мұндай жағдайларды болдырмау үшін бірқатар іс-шара жүргізіліп жатыр", — деді Сарыағаш орталық аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Гүлмира Әбдіраманова.
Ауруханада тексеру жүргізіліп қойған. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің жергілікті департамент өкілдері заң бұзушылықтарды анықтап, материалдарды полицияға өткізген. Бірақ нақты ненің дұрыс болмағанын жарияламады.
"Шағым негізінде Сарыағаш көпбейінді орталық ауруханасында жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Комиссия құрамына тиісті сарапшылар тартылып, жұмыс нәтижесі бойынша қорытынды берілді. Материалдар құқықтық баға беру үшін Түркістан облыстық полиция департаментіне және Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жолданды", деді ҚР ДСМ МФБК Түркістан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Айнұр Байзақова.
Балалардың өлімі фактісі бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Егер дәрігерлердің кінәсі дәлелденсе, бірқатар медицина қызметкері жауапқа тартылуы мүмкін.