Қазақстандық балалардың жартысы 5 8 жасында алғаш рет интернетке кіреді

18.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Kid Security қосымшасының негізін қалаушы Асат Ашамановтың айтуынша, бағдарлама баланың бейтаныс адамдармен сөйлесіп жатқанын, сондай-ақ әңгіменің жалпы мазмұнын бақылауға мүмкіндік береді. Солай бола тұра баланың жеке кеңістігін бұзбайды.

– Тек кіріс хабарламалар көрсетіледі, фото, видео, дауыстық хабарламалар және толық хат алмасу қолжетімді емес. Ақпарат қауіпсіз түрде өңделіп, ата-ананың жеке кабинетінде ұсынылады. Осылайша, қосымша ата-аналардың уайымын азайтуға көмектеседі. Қосымшаның Орталық Азияда аналогы жоқ, – деді Асат Ашаманов.

Фото: Асат Ашамановтың жеке мұрағатынан

Kaspersky Lab жүргізген зерттеуге сүйенсек, балалар мен жасөспірімдер интернеттен келетін қауіпті жете түсінбейді екен. Психологтар да бұл деректерді растап отыр.

Мысалы, жасөспірімдердің 73%-ы смартфонсыз өмірін елестете алмайды, ал 8-16 жас аралығындағы балалардың 44%-ы үнемі онлайн болып, уақыттың көп бөлігін әлеуметтік желілерге жұмсайды. Сонымен қатар әрбір үшінші жасөспірім онлайн платформаларға тіркелу кезінде жасын үлкейтіп көрсететіні анықталған.

– UNICEF зерттеулеріне сәйкес, қазақстандық балалардың жартысына жуығы интернетке алғаш рет 5-8 жасында кіреді, ал шамамен 21%-ы кибербуллингке тап болады. Бұл баланың цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігін айқын көрсетеді, – дейді Qazaq Expert Club жанындағы психология саласының сарапшысы Жадыра Сабырова.

Маманның айтуынша, балалармен сенімді қарым-қатынас орнату өте маңызды.

Фото: Жадыра Сабырованың жеке мұрағатынан

– Қазір психологиялық тәжірибе «қатаң бақылау» моделінен саналы сүйемелдеу моделіне ауысып келеді. Қазақстанда да, халықаралық деңгейде де осы үрдіс байқалады. Яғни, ата-ана тек бақылап қоймай, баламен диалог құрып, қауіпті бірге талқылап, ережелерді келісіп, жауапкершілікті біртіндеп балаға тапсыруды үйретуде, – дейді спикер.

Енді 13 жасқа дейінгі балалардың WhatsApp аккаунттары ата-анасының бақылауында болатынын жазған едік.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью