Қазақстандық балуан халықаралық рейтингтік турнирде күміс медаль алды

19.07.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АСТАНА, 19 шілде - Sputnik. Қазақстандық балуан Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен Будапешттегі (Венгрия) халықаралық рейтингтік турнирдің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды olympic.kz.

72 келіге дейінгі салмақта бәсеке айналмалы жүйе бойынша өтті.

Жәмила бірінші белдесуінде қырғызстандық Кайыргуль Шаршебаеваны жеңсе, екінші айналымда үндістандық Дикша Малик тізе бүктірді.

Дегенмен алтын жүлде үшін өткен кездесуде Польша өкілі Виктория Холуйден жеңіліп қалды. Осылайша күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, 19 шілдеде грек-рим күресінен қалған салмақ дәрежелері бойынша жүлделер сарапқа салынады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью