Қазақстандық балуан Мейіржан Шермаханбет Тиранадағы рейтингілік турнирде топ жарды

01.03.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Келесі кезеңде әзірбайжандық Махаммад Шукурзадені 4:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға өтті.

Жартылай финалда грузиялық Джони Хетсурианиден 3:1 есебімен басым түсті.
Финалдық белдесуде Мейіржан тағы бір грузиялық Диего Чхиквадзені 5:1 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша, 2018 жылы әлем чемпионатында қола алып, 2022 жылы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған Мейіржан Шермаханбет Тиранадағы рейтингілік турнирде үздік шықты.
Тағы бір қазақстандық Ернұр Фидахметов 63 келі салмақта қола жүлдеге ие болды. Ол үшінші орын үшін белдесуде ирандық Али Нураиден 6:3 есебімен айласын асырды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның әйелдер құрамасы Muhamet Malo турнирінде бірінші орын алғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью