Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Қазақстан азаматы Бас прокурордың қабылдауына кіре алмай, Конституциялық сотқа жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстан азаматы Бас прокурордың қабылдауына кіре алмай, Конституциялық сотқа жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Конституциялық сот мәліметінше, азамат бұған дейін жауап алған және прокуратураның лауазымды тұлғаларымен кездесулер өткізілген мәселе бойынша Бас прокурордың жеке қабылдауына жазылуды талап еткен. Бірінші сатыдағы сот қайта қабылдауға жазылу қолданыстағы жеке қабылдау ережелерімен реттелетінін растады.
Сот шешімі және апелляциялық әрі кассациялық сатылардағы қарау нәтижелерімен келіспеген өтініш беруші Конституциялық Сотқа жүгінді.
"Конституциялық Сот мынаны атап өтті: Қағидалардың нормасы өтініш жасау құқығын шектемейді, тек барлық азамат үшін жеке қабылдаудың бірыңғай тәртібін белгілейді. Өтініштің негізгі уәжі рәсіммен келіспеуге негізделген, ал өтініш беруші сот арқылы қорғау тетіктерін толық пайдаланған – оның жағдайы бірінші сатыдағы сотта қаралып, шешім апелляциялық және кассациялық сатыларда өзгеріссіз қалдырылған", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін марихуана тұтынғаны үшін айыппұл арқалаған қазақстандық Конституциялық сотқа арызданды. Ер адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-1-бабы 1-бөлігін, сондай-ақ психоактивті заттарды тұтынуды және мас күйін анықтау үшін медициналық куәландыру жүргізу қағидаларының жекелеген ережелерінің Конституцияға сәйкестігін тексеруді сұрады.