Қазақстандық батальонның тәжік ауған шекарасынан шығарылғанына 25 жыл толды

10.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Осыған орай, Астана қаласындағы Ерлік саябағында еске алу іс-шарасы өтті. Жиылған жұрт Қазақстан Республикасының жеке құрама атқыштар батальоны құрамында қызмет атқару кезінде қаза тапқан сарбаздарды бір минут үнсіздікпен еске алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Еске алу шарасына ардагер жауынгерлер, әскери қызметшілер мен қоғам өкілдері қатысты. Рәсім барысында тәжік-ауған шекарасында қызмет атқарған қазақстандық жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Іс-шарада Шекара қызметі директорының орынбасары, генерал-майор Төлеужан Жүнісов және Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Қайрат Үмбетов сөз сөйлеп, қазақстандық жауынгерлердің әскери борышты абыроймен орындағанын атап өтті.

Бұл күн – батальон жауынгерлерінің ерлігі мен Отанға адалдығының, әскери борышқа беріктігінің символы.  Осы ретте батальон ардагерлерін Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы атынан тарихи датамен құттықтаймын, – деді генерал-майор Қайрат Үмбетов.

Еске алу іс-шарасы Ұлттық әскери-патриоттық орталықта ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен жалғасты. Бағдарламада Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның, Шекара қызметінің Ән-би ансамблі солистері патриоттық бағыттағы шығармаларын орындады.

Тәжік-ауған шекарасында қызмет атқарған қазақстандық әскери қызметшілердің ерлігі ешқашан ұмытылмайды. 

Айта кетейік, осыдан 25 жыл бұрын қазақстандық әскери қызметшілер Тәжік-Ауған шекарасындағы жауынгерлік міндетін аяқтап, елге оралды. Қазақстан Республикасының жеке құрама атқыштар батальоны 1993-2001 жылдар аралығында Пяндж өзені бойында мемлекеттік шекараны күзетті. Өкінішке қарай, қызмет барысында қазіргі Ұлттық ұланның, бұрынғы Ішкі әскердің 17 жауынгері ерлікпен қаза тапқан еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью