Қазақстандық бессайысшылар Азиаданы бастады

17.09.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында қазіргі бессайыстан ұлттық құраманың мүшелері алғашқы кезеңде семсерлесуден сынға түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жігіттер арасынан ең үздік көрсеткішті Темірлан Абдраимов тіркеп, 2-орынға тұрақтады. Одан бөлек, Лев Чувашов (13-орын), Тихон Варехин (14-орын), Кирилл Стадник (16-орын) те өз шеберліктерін ортаға салды.

Енді олар 18 қыркүйекте жарыс жолдарын жалғастырады.

Ал әйелдер арасында Диана Щедрова еліміздің атынан ең жоғары 12-орынды иеленді. Аяна Қазбекова 16-орынға, Юлиана Петрова 22-орынға жайғасты.

Қыздар командасы 17 қыркүйекте жартылай финалда өнер көрсетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью