Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Спортшылар 7,5 шақырым қашықтықты еңсеріп, екі ату айлағынан өтті. Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасының атынан Милана Генева мен Айша Ракишева бақ сынады.
Ең үздік нәтижені Милана Генева көрсетті. Ол үш рет мүлт кетіп, 88-орынға тұрақтады. Айша Ракишева бес қателік жіберіп, жарысты 91-орында аяқтады.
Жарыста норвегиялық Марен Киркейде жеңіске жетті. Одан үш секундқа қалып қойған франциялық Осеан Мишелон екінші орын алса, тағы бір франциялық спортшы Лу Жанмонно қола жүлде еншіледі.
Айта кетейік, спринт қорытындысы бойынша үздік 60 биатлоншы із кесу жарысына жолдама алады.
Осылайша, бұл спринт қазақстандық биатлоншы қыздар үшін осы Олимпиададағы соңғы жарыс болды.