Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Сирияның оңтүстік-батысындағы Кунейтра провинциясындағы Трунжа елдімекенінде олар бейбіт тұрғындарға білікті медициналық көмек көрсету үшін далалық лагерь құрды. Әсіресе балаларға, қарттарға және әлеуметтік осал топтарға ерекше назар аударылды.
Әскери дәрігерлер медициналық тексерулер жүргізіп, кеңес беріп, мұқтаж тұрғындарға қажетті дәрі-дәрмектерді таратты. Көмекке жүгінген науқастар арасында жиі кездесетін диагноздар: жедел респираторлық аурулар, тірек-қимыл жүйесі аурулары, артериялық гипертензия және қант диабеті.
Фото: Қорғаныс министрлігіАталған акция Қазақстанның бітімгерлік қызметтегі белсенді рөлін айқындап, елдің халықаралық беделін нығайтуға және азаматтық соғыс салдарынан гуманитарлық дағдарысқа ұшыраған жергілікті тұрғындардың сенімін арттыруға ықпал етті.
Қазақстандық бітімгерлер барлығы 93 науқасқа медициналық тексеру жүргізіп, жоғары дайындық деңгейін, жауапкершілігін және жергілікті халықтың қажеттіліктеріне жедел әрекет етуге әзірлігін көрсетті.
Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ миссиясына толық дайын екенін жазған едік.
Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында ұлттық дәстүрді дәріптеді.