Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында 1200-ден астам жарылғыш заттың көзін жойды.
Ұлттық контигенттің инженерлік-саперлық тобы Біріккен Ұлттар Ұйымының мандатына сәйкес Сирия аумағындағы өз міндеттерін абыроймен атқаруда.
Бүгінге дейін олар 44 операцияға қатысып, қосымша 43 қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны залалсыздандырған.
Қазір қазақстандық бітімгерлер арнайы базаларда жедел іздестіру іс-шараларына қатысып, миналы алқаптарда тексеріс жүргізіп жатыр.
Сәйкесінше саперлар өзге әскери топтар мен бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
Ернар Амантайұлы, сапер: - Біздің жауапкершілік аймақтағы міндеттерімізге миналық алаңдарды барлау, БҰҰ базалары мен бақылау пункттерін тексеру.
Сондай-ақ жарылғыш заттарды және қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды залалсыздандыру болып табылады.