Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтің қашан жекпе жек өткізетіні белгілі болды

04.01.2026

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 KO) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Қазақ әскері» лақапатымен танымал, ешқашан жеңіліп көрмеген С. Ахмедов өзінің Instagram парақшасында жекпе-жектің ақпан айында АҚШ-та өтетінін жазды.

«Кездескенше, ақпан айында!», – деп қысқа ғана жазба қалдырды боксшы.

Қарсыласының есімі әзірге жарияланбаған.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 22 қарашада Ахмедов Мексиканың Эдгардо Веласкесімен (16-2, 16 KO) Лонг-Бичтегі бокс кешінде кездесуі керек болған, бірақ бұл жекпе-жек өтпей қалды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью