Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Назым Қызайбай мен Виктория Графеева әлем кубогы кезеңінің алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлады ұлттық олимпиада комитеті.
Қытайдың Гуйян қаласында бокстан әлем кубогының екінші кезеңінің шешуші жарыс күні басталды. Қазақстан құрамасы халықаралық турнирдегі алғашқы алтын медальдарын жеңіп алды.
"54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Назым Қызайбай финалда Италия өкілі Сирин Чараабиден басым түсті. Ал Виктория Графеева (60 келіге дейін) шешуші жекпе-жекте Олимпиада чемпионы Юй-Тин Лиді (Тайбэй) жеңді", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын және үш қола медаль бар.
Бұған дейін Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) қола жүлдегер атанған болатын.
Айта кетейік, бүгін, 21 маусымда финалда Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) да шаршы алаңға шығады.