Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Қызылорда облысында ер адам ажырасқаннан кейін бұрынғы әйелінің келісімінсіз автокөліктерді ата-анасының атына қайта рәсімдеп жіберген. Іс сотқа дейін жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қызылорда облысында ер адам ажырасқаннан кейін бұрынғы әйелінің келісімінсіз автокөліктерді ата-анасының атына қайта рәсімдеп жіберген. Іс сотқа дейін жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Не болды?Қызылорда облысының тұрғындары 10 жыл отасқаннан кейін некелерін бұзған. Олардың төрт кәмелетке толмаған баласы бар.
"Ерлі-зайыптының неке кезеңінде отбасы табысы есебінен сатып алған Toyota Camry және Toyota Highlander автокөліктері олардың ортақ меншігі саналады. Неке бұзылғаннан кейін бұрынғы күйеуі балалардың анасының келісімінсіз көліктерді сату-сатып алу шарттарын ата-анасының атына рәсімдеп, көлік құралдарын есептен шығарып тастаған", - деп хабарланды Жоғарғы соттың ресми Telegram-арнасында.
Әйел сотқа жүгініп, келісімшарттарды жарамсыз деп тануды және ортақ мүліктегі өз үлесін өндіріп алуды талап етті.
Сот шешіміСот ұсынылған дәлелдемелерді бағалай келе, мәмілелердің талап қоюшының ортақ мүлік иесі ретіндегі құқықтарын бұза отырып жасалғанын анықтады.
Істі қарау барысында жүргізілген сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, автокөліктердің нарықтық құны 14 миллион теңгеден асады.
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекстің ерлі-зайыптылардың ортақ мүліктегі үлестерінің теңдігін көздейтін нормаларын ескере отырып, сот автокөліктерді сату-сатып алу шарттарын жарамсыз деп таныды. Талап қоюшының пайдасына 7 миллион теңгеден астам өтемақы - автокөліктердің нарықтық құнының жартысы өндірілді", - деп хабарлады соттағылар.
Ер адам бұл шешімге шағым түсіруге тырысқанымен, Қызылорда облыстық соты оны өзгеріссіз қалдырып, шағымды қанағаттандырмады.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу