Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Ақтөбеде бұрын жақын қарым-қатынаста болған әйелден ақша бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Polisia.kz мәліметінше, ер адам интимдік сипаттағы бейнежазбаны туыстары мен таныстарына таратамын деп қорқытып, 700 мың теңге талап еткен. Күдіктіні жәбірленушіден ақша алу кезінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстады. Қазір ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тағы бір бопсалау дерегіХромтауда полицейлер шахтада жұмыс істейтін танысынан 500 мың теңге бопсалады деген күдікпен тағы бір ер адамды ұстады. Тергеу нұсқасы бойынша, жас жаттықтырушы ешқандай заңды негізсіз ақша талап етіп, бас тартқан жағдайда жәбірленушіні күш қолданамын деп қорқытқан.
Ол да ақша алу кезінде ұсталды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада адам ұрлау және бопсалауға қатысты үш ер адам сотталды. Олар құрбандарымен Telegram арқылы танысып, кездесуге шақырған, содан кейін ер адамдарды тұзаққа түсіріп отырған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу