Қазақстандық дзюдошылар Азия чемпионатының алтыны үшін кімдермен күш сынасады

19.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Финалға шығу үшін қазақстандықтар Біріккен Араб Әмірліктері құрамасымен кездесті. 6-ға 6 форматында өткен командалық бәсеке 3:3 есебімен тең аяқталды. Жеребе қорытындысы бойынша шешуші белдесу 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті. Бұл кездесуде қазақстандық дзюдошы Мөлдір Нарынова жеңіс ұпайын алып, командасын финалға шығарды.

Қазақстан құрамасы сапында Бақыт Құсақбаева (-57 кг), Мөлдір Нарынова (-70 кг), Назгүл Маратова (+70 кг), Ануар Жұмагелдин (-73 кг), Айбол Нысанәлі (-90 кг), Марат Байкамуров (+90 кг) өнер көрсетті.

Енді Қазақстан ақтық сайыста Моңғолиямен күш сынасады.

Финалдық белдесу Астана уақытымен сағат 13:00-де өтеді.

Осыған дейін дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жартылай финалға өткені туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью