Қазақстандық дзюдошылар тарихи нәтижеге қол жеткізді

23.08.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Қазақстан дзюдошылары әлем чемпионатын тарихи нәтижемен аяқтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ел қоржынында 10 медаль бар. Соның үшеуі - алтын.

Алтын медаль иегерлері:

Расулхан Ғабит (-60 кг);

Фатима Сұпығалиева (-52 кг);

Әділжан Жаудинов (+90 кг).

Күміс медаль алғандар:

Әділжан Нұрбекен (-50 кг);

Адия Жанахмет (-40 кг);

Інжу Жұмажан (-57 кг);

Бекарыс Құдайберген (-50 кг).

Қола медаль иегерлері:

Ахмет Баубек (-60 кг);

Ерік Үсенов (-66 кг);

Еркен Бекәлі (-73 кг).

Осылайша Эквадордағы әлем чемпионаты Қазақстан дзюдосының тарихына бірқатар жаңа рекордпен еніп отыр. Атап айтқанда, Фатима Сұпығалиева қыздар арасында алғаш рет әлем чемпионы атанып отыр. Ал дзюдошы жігіттер 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші жыл қатарынан әлем чемпионы атағын ешкімге бермей келеді. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы алғаш рет бір әлем чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, бүгін аралас командалық жарыстар өтеді. Әлем чемпионатына 59 елден 457 жас татами шебері қатысуып жатыр.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью