Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Павлодарда 48 жастағы ер адам екі кішкентай қызға қатысты қылмыс жасағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сотталушының іс-әрекеті салдарынан оларға АИТВ инфекциясы жұққан. Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодар тұрғыны екі кішкентай апалы-сіңлілі қыздарға қатысты аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталды. Сот процесі жабық режимде өтті, бірақ үкім жария түрде оқылды.
"Сотталушы 121-баптың 4-бөлігі ("Жас балалардың дәрменсіз күйін пайдаланып, абайсызда АИТВ инфекциясын жұқтыруға әкеп соққан сексуалдық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер") және 120-баптың 4-бөлігі ("Жас балалардың дәрменсіз күйін пайдаланып зорлау") бойынша кінәлі деп танылды. Екі баптың санкциясы да өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі баламасыз жазаны көздейді", - деп түсіндірді үкімді іс бойынша төрағалық етуші судья Жанна Нығыбаева.
Фото сот залынан: Tengrinews.kz
Сот қылмыстың алкогольдік мас күйде жасалуын ауырлатушы жағдай ретінде, ал кінәсін мойындауы мен соттылығының болмауын жеңілдетуші жағдай ретінде қарастырды.
Сотта қылмыс былтыр көктемде жасалған айтылды. Ол кезде қыздар 10 және 11 жаста болған. Аналары 2018 жылдан бері сотталушымен қарым-қатынаста болған. Апалы-сіңлілі екеуінің де мүгедектігі бар. Оқиға болған күні әйел үйде болмаған.
"Анасының айтуынша, ол қыздарын бірнеше рет бірге тұратын ер адаммен қалдырып кеткен және балалармен бәрі жақсы болған. Сол күні әйел басқа жаққа шығып кеткенде, мас күйіндегі ер адам қылмыс жасаған. Сот процесінде ер адам жауап беруден бас тартты, сондықтан оның АИТВ-мен ауыратынын білген-білмегені туралы сотта хабарланған жоқ", - деді сот процесіне қатысқан прокурор Tengrinews.kz тілшісіне.
Сотталған адам өмір бойына жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Алматыда 13 жастағы қызды зорлау ісі бойынша үкім шыққаны хабарланған болатын. АИТВ жұқтырған сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды, сонымен бірге құқық қорғаушылар істе көптеген заң бұзушылықтар болғанын мәлімдеді. Бұл оқиғаның мән-жайын мына жерден оқыңыз.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу