Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев "Челси" сапындағы алғашқы голын соқты.
Алматылық "Қайрат" футбол командасынан шыққан Дастан Сәтпаев үшін "Уэстерн Сидней Уондерерс" командасына қарсы жолдастық кездесу дебют болды. Қазақстандық футболшы ойынның 6-минутында гол соқты.
1 шілдеден бастап қазақстандық шабуылшы лондондық "Челси" клубына ресми түрде ауысқан болатын.
Дастан Сәтпаевтың трансфері туралы былтыр хабар тараған болатын. Бірақ ол маусымда "Қайраттан" кетіп, Лондонға аттанды.