Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 16 ақпан - Sputnik. Қазақстан ғалымдары диабет пен жүрек ауруларын алдын алу үшін қазіргі заманға лайықты құрғақ таңғы ас әзірлеуде, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қазақ тағамдық және қайта өңдеу өнеркәсібі ғылыми зерттеу инсттитуты ғалымдары диеталық құрғақ таңғы ас өндірісін әзірлеп жатыр.
Ол семіздік, 2 типті қант диабеті және жүрек-қан тамырлары ауруларын алдын алуға арналған. Инновациялық технология жақында аяқталады.
Мамандардың айтуынша, көптеген адамдардың тамақ мәзірі рафинадталған көмірсуларға бай, ал тағамдық талшықтар, витаминдер мен минералдық заттар тапшы деуге болады. Бұл проблема әсіресе құрғақ таңғы ас бағытында айқын көрінеді, өйткені нарықтың негізгі бөлігі қант мөлшері жоғары және биологиялық құндылығы төмен импорттық өнімдерге тиесілі.
"Әзірленіп жатқан технология отандық дәнді шикізатты пайдалану және дәннің құрамдас бөліктерін сақтау ұстанымына негізделген. Бұл өнімдегі тағамдық талшықтар, В тобы витаминдері және минералдық элементтер мөлшерін арттыруға мүмкіндік береді, ал энергетикалық тығыздығы төмен болады. Қолданыстағы нарықтағы баламалардан айырмашылығы, жаңа құрғақ таңғы ас диеталық және профилактикалық тамақтану бөлігі ретінде ұсынылады", - дейді министрлік.
Министрліктің айтуынша, таңғы ас көмірсу алмасуын қалыпқа келтіріп, асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартуға және дене салмағын бақылауға септігін тигізеді.
Бүгінгі күнге дейін өнімнің дайындалу тәсілі мен өндіріс технологиясы әзірленген. Келер жылы өнімді нарыққа шығару жоспарланып отыр, дейді мамандар.