Қазақстандық ғалымдар экологиялық тәуекелдерді алдын ала болжайтын станцияларды ойлап тапты

24.04.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Астанада өткен RES 2026 жаһандық саммиті аясында Satbayev University ғалымдары мен «ECOTEC Engineering» компаниясы отандық ғылымның озық жетістіктерін таныстырды. EXPO орталығындағы ұлттық павильонды аралаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен өзге өңір басшылары қазақстандық инженерлердің су тапшылығы мен экологиялық қауіпсіздікті шешуге бағытталған бірегей жобаларына жоғары қызығушылық танытты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерекше назар Satbayev University экспозициясына аударылды. Мұнда университет ғалымдарының ғылыми әзірлемелері негізінде ECOTEC Engineering компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды. Бұл жобалар Қазақстанда ғылымның қолданбалы сипат алып, экономиканың стратегиялық салаларында нақты нәтиже беріп отырғанын көрсетті. 

Ғалымдардың басты жаңалығы – Орталық Азияда алғаш рет өндіріске енгізілген кері осмос мембраналары мен олардың жұмысын қашықтан бақылайтын RFID технологиясына негізделген «ақылды» жүйе. Бұл жоба өңірдің технологиялық тәуелсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, Каспий теңізінің суын тұщыландыру сияқты стратегиялық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Каспий теңізі жағдайына бейімделген жаңа буын мембраналарын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Маңғыстау облысында тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар өткізу жоспарланған.

Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты

Сонымен бірге қазақстандық зерттеушілер жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін ауа мен су сапасын бақылаудың автоматтандырылған мониторинг станцияларын ойлап тапты. Бұл жүйе экологиялық тәуекелдерді алдын ала болжап, шешім қабылдауға көмектеседі. Satbayev University ғалымдарының Порту университетімен (Португалия) бірлескен зерттеулері отандық технологиялардың жаһандық нарыққа шығуына жол ашып, Қазақстанның ғылыми-инженерлік әлеуетін әлемдік деңгейде мойындатты. 

Жалпы алғанда, RES 2026 алаңында ұсынылған бастамалар Қазақстан ғылымының жаңа сапалық деңгейге көтерілгенін айқын аңғартты. Бүгінде ғылым ел дамуының негізгі қозғаушы күшіне айналып, экономикалық өсімге, технологиялық тәуелсіздікке, экологиялық қауіпсіздікке және ұлттық қауіпсіздікке тікелей ықпал етіп отыр.

Соңғы жаңалықтар

Кендірлі әуежайы 2027 жылы толық іске қосылады

Құрылыс • Бүгін, 17:04

Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады

Қаржы • Бүгін, 16:59

Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты

Қоғам • Бүгін, 16:45

Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты

Президент • Бүгін, 16:31

Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді

Технология • Бүгін, 16:21

Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады

Президент • Бүгін, 16:20

Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?

Алматы • Бүгін, 16:12

Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі

Президент • Бүгін, 16:10

Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды

Президент • Бүгін, 16:06

Балқыбекова мен Әбікеева Әлем кубогінде ширек финалға шықты

Спорт • Бүгін, 15:40

Мемлекет басшысына Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді

Президент • Бүгін, 15:38

Жаңа 20 мың теңгелік банкнота келесі жылы қолданысқа енгізіледі

Теңге • Бүгін, 15:24

Ипотека мөлшерлемесі бастапқы жарнаға байланысты өзгереді

Ипотека • Бүгін, 15:16

Өзбекстанда екі қабатты пойыздар қатынайды

Әлем • Бүгін, 15:07

«Болашақ ойындары-2026» турнирі қашан өтеді?

Технология • Бүгін, 14:47

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью