Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Фото: АШМ— Жаңа сорттардың қатарында жалаң дәнді «Дамсинский» сұлысы, жаздық қатты «Торғай» бидайы, мал азықтық «Изумрудное» тарысы және тағамдық «Реноме» тарысы бар. Олардың барлығы Қазақстанның климаттық ерекшеліктерін ескере отырып шығарылған және құрғақшылыққа төзімділігімен, жатып қалуға қарсы беріктігімен әрі тұрақты өнімділігімен ерекшеленеді, — делінген хабарламада.
Әзірлеушілердің мәліметінше, бұл сорттарды енгізу агротехнологиялар мен ауа райы жағдайына байланысты өнімділікті 2–10 ц/га дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Фото: АШМБұдан бөлек, майлы зығырды өсіру тәсілі де патенттелді. Бұл технологияда алдыңғы дақылдың егістігін жинауға дейін гербицидтік өңдеу қарастырылған. Мұндай тәсіл егістіктегі арамшөптердің мөлшерін азайтып, кейінгі дақылдың өнімділігін арттыруға және өсімдіктерді қорғау шығындарын оңтайландыруға жол ашады.
Фото: АШМ— Әзірлемелер Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Қазақстан жағдайында қолдануға бағытталған, бұл аймақтар тәуекелді егіншілік аймағына жатады. Оларды енгізу аграршыларға өндірістің тұрақтылығын арттыруға, климаттық тәуекелдерді азайтуға және шаруашылықтардың экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға көмектеседі, — деп хабарлады ведомстводан.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан ғалымдары 3 жылда 81 халықаралық патент алғанын жаған едік.