Қазақстандық ғалымдар Smart Home жүйесін әзірледі

03.04.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Аталған жоба Ғылым қорының қолдауымен 2023-2025 жылдары жүзеге асырылған DP21681802 ғылыми жобасы аясында әзірленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Жоба нәтижесінде Wallee бақылаушы мен оған арналған бағдарламалық қамтамасыз ету жасалып, Smart Home жүйесі толыққанды өнім ретінде нарыққа ұсынылды.

Бұл шешім ғимараттардың инженерлік және тұрмыстық жүйелерін бір платформаға біріктіріп, сценарийлік басқару мен автоматтандыруды тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жүйе қауіпсіздік, энергияны басқару және тұрмыстық процестерді оңтайландыру бағытында кешенді шешім ұсынады.

Жоба нәтижелері өнімнің нақты пайдалану жағдайларында жоғары тиімділігін көрсетті. Атап айтқанда, пилоттық және коммерциялық нысандарда сынақтан сәтті өтіп, өндіріс пен сатылым көрсеткіштері жоспарланған деңгейден асып түсті.

Connected Home компаниясының директоры Саят Ақтайдың айтуынша, әзірленген жүйе қазіргі таңда құрылыс саласында кеңінен қолданылып келеді.

«Біз ірі құрылыс компанияларымен жұмыс істейміз. Бақылаушы автоматтандыру үшін қолданылады, ал датчиктер қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Барлық сигналдар біздің мобильді қосымшаға түседі. Пайдаланушы үйден тыс жерде болса да, су ағуы, түтіннің пайда болуы немесе бөгде адамның кіруі туралы бірден хабар ала алады. Сонымен қатар түйiстiргiш құрылғысы арқылы үйдегі электр қуатын қашықтан қосып немесе өшіруге мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта біздің бақылаушылар бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы 15 мың пәтерге келісімшарт жасалып, оның 7 мыңына орнатылды», – деді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью