Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қазақстандық гимнаст Милад Карими Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Отандасымыз еркін жаттығулардың финалында сынға түсті. Нәтижесінде 14.600 ұпай жинап, күміс жүлдеге қол жеткізді.
Филиппин өкілі Карлос Эдриэль Юло чемпион атанды - 14.666. Жапониялық Сёма Цукияма үздік қола жүлдеге ие болды - 14.566.