Azh.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Қазақстандық киберспортшы Данил Голубенко (Molodoy) атыраулық стример Әділет Құрманғалиевқа қолдау көрсетті. Ол Counter-Strike ойынын аяқпен ойнайтын стримерге 200 мың теңге көлемінде донат жасады.
Тікелей эфир кезінде түскен бұл қолдау көрермендер үшін күтпеген жағдай болды және әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланды. Физикалық шектеулеріне қарамастан, Әділет Twitch платформасында ойындарын жалғастырып, көптеген адамдарға жігер береді.
Әділет Құрманғалиев Атырау облысы Алғабас ауылында дүниеге келген. 10 жасында электр тоғының соғуынан екі қолынан айырылып, бірнеше операция мен ұзақ ем қабылдаған. Соған қарамастан ол ойынға деген қызығушылығын сақтап, аяқпен ойнауды үйренген.
Ал Molodoy есімімен танымал Данил Голубенко – әлемдік деңгейдегі кәсіби ойыншы. 2025 жылы HLTV.org рейтингінде әлемнің үздік ойыншыларының қатарына кіріп, екі MVP және екі EVP марапатын иеленген. Қазір ол Бразилияның FURIA командасында снайпер ретінде өнер көрсетуде.
Бүгін, 17:02