Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Аккредиттеу үдерісі халықаралық сарапшылардың қатысуымен бекітілген жұмыс бағдарламасы мен кестеге сәйкес бірнеше кезең бойынша өткізілді.
Фото: Оқу-ағарту министрлігіБағалау барысында колледждің білім беру жүйесінің құрылымы, басқару тетіктері, кадрлық әлеуеті, материалдық-техникалық базасы және нормативтік-құқықтық құжаттамалары жан-жақты сарапталды.
Сонымен қатар білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларының халықаралық талаптарға сәйкестігіне ерекше назар аударылған.
Фото: Оқу-ағарту министрлігі— Шетелдік сарапшылар коллдждің оқу-өндірістік машықтандыру үдерісімен танысып, заманауи жабдықталған шеберханалар мен зертханалардағы практикалық сабақтардың ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады, — делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Бұдан бұрын Көкшетаудағы әскери колледждің 300-ден астам кадеті әлі карантинде жатқанын жазған едік.