Қазақстандық компания Иранмен байланысы үшін АҚШ санкцияларына ілікті

09.09.2026

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қазақстандық компания Иранмен байланысы үшін АҚШ-тың санкциялық тізіміне енді. Бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengri Travel.

Не болды?

АҚШ-тың Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) қазақстандық Тour Invest (Тур Инвест) компаниясын санкциялық тізімге қосты. Ведомство сайтындағы ақпарат бойынша, бұған компанияның Иранмен ықтимал байланысы негіз болған: Tour Invest ирандық Mahan Air әуекомпаниясының сату жөніндегі бас агенті ретінде қызмет атқарған.

АҚШ Шетелдік активтерді бақылау басқармасы сайтынан скриншот

Америкалық ведомство мәліметінше, Mahan Air компаниясы АҚШ пен Еуроодақ тарапынан қолданыстағы шектеулерге қарамастан, Таяу Шығыста рейстер орындауды және Қытайға тасымалдауды жалғастырған.

Ирандық әуекомпания Алматыға да рейстер орындайды. Америкалық ведомство дерегінше, Тour Invest (Тур Инвест) жергілікті сату агенті болған.

"Біз ирандық режимнің қаржылық арналарын қамтамасыз етіп отырғандар үшін ауыр зардаптар болатынын уәде еткенбіз. Бүгін Mahan Air-ге қолдау көрсетуді жалғастырып жатқан компанияларға санкция сала отырып, сол уәдені орындадық. Бұл Иранның қалған әуекомпанияларымен бизнес жүргізетіндердің бәріне ескерту болсын, біз олардың барлығын бүгін санкцияладық: сіздер жаһандық қаржы жүйесінен оқшаулану қаупіне тап боласыздар", – деді қаржы министрі Скотт Бессент.

Айта кететін жайт, Secondary sanctions risk белгісі нақ осы қайталама санкциялардың қолданылу қаупін білдіреді және компания автоматты түрде олар қарастырған барлық шектеуге ілінеді дегенді білдірмейді. АҚШ компанияны санкциялық тізімге енгізіп қойды, алайда алдағы ықтимал шаралар туралы мәселе оның қызметінің сипаты мен тиісті операцияларына байланысты болады.

Tour Invest туралы не белгілі?

"Tour Invest" (Тур Инвест) ЖШС - Алматыда орналасқан қазақстандық компания. 2014 жылдан бері ресми түрде туристік оператор қызметі ретінде тіркелген. Компания жетекшісі ретінде Зиае Бабак Али көрсетілген.

uchet.kz ақпараттық порталы мәліметінше, Tour Invest "шетелдік қатысуы бар бірлескен кәсіпорын" болып табылады.

АҚШ-тың жаңа санкциялары туралы не білу керек?

АҚШ Иранның авиация саласын қолдайтын 36 ұйымға қарсы санкциялық шаралар қабылдады. Бұған дейін Американың Қаржы министрлігі Тегеранға "экономикалық D күнін" (қаржы майданындағы әскери операцияның баламасы) ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеген болатын.

Вашингтон мәліметінше, Иран америкалық ұшақтар мен озық технологияларды заңсыз импорттау үшін бұл құрылымдарды - жалған фирмаларды, шетелдік делдалдарды және "сұр" логистикалық схемаларды - пайдаланады. АҚШ Қаржы министрлігі бұл желіні Тегеран әскери инфрақұрылымды қамтамасыз ету, қару-жарақ тасымалдау және жеке құрамды жылжыту үшін қолданатынын баса айтты.

Еске салайық, соңғы айларда АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс едәуір тығырыққа тірелді. Келіссөздер тоқтап тұр, ал стратегиялық маңызды Ормуз бұғазын бақылау төңірегіндегі текетірес тек ушығып барады.

Ормуз бұғазы Парсы шығанағын Оман шығанағымен, әрі қарай Араб теңізімен жалғастыра отырып, әлемдік мұнай және газ жеткізілімдерінде шешуші рөл атқарады. Бұғазды бақылау Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздердегі басты кедергілердің бірі болып қала береді: екі тарап та осы өмірлік маңызды теңіз артериясын өз бақылауына алуға ұмтылып жатыр.

Тағы оқыңыз: АҚШ Иранға қарсы “тарихтағы ең қатаң“ санкциялар салатынын мәлімдеді

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью