Қазақстандық конькимен жүгіруші әлем чемпионатында үшінші алтын медаль алды

01.03.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының көшбасшысы Кристина Шумекова Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында үшінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлады olympic.kz.

Бұл жолы отандасымыз 1000 метр қашықтықта 1:16.34 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, үздік атанды. Айта кетейік, бір күн бұрын Шумекова 500 және 1500 метр қашықтықтарда да топ жарған еді.

Екінші орынды жапониялық Аяно Сэкигучи (Жапония) иеленді - 1:16.66. Қола жүлде австриялық Джанин Роснерге бұйырды - 1:17.00.

Кристина Шумекованы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтап, үш алтын медаль мен абсолютті әлем чемпионы атағына ие болуын отандық спорт тарихындағы ерекше оқиға ретінде бағалады.

Президенттің айтуынша, атлет мұндай табысқа талант пен табанды еңбектің, темірдей тәртіп пен жеңіске деген мұқалмас жігердің арқасында жетті. Сондай-ақ ол Кристинаның алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью