Қазақстандық лоукостер Ақтаудан Дубайға рейстерді 2026 жылдың қазанына дейін ұзартты

10.02.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Қазақстандық лоукостер FlyArystan 2026 жылдың жазғы маусымында Ақтау – Дубай бағдары бойынша рейстерді орындауды жалғастырады, деп хабарлады әуе компаниясы.

Компанияның мәліметінше, 2025 жылдың 29 қарашасында ашылған бұл бағдар бастапқыда тек 2026 жылдың 24 наурызына дейін жүзеге асырылуға тиіс болған.

"Жолаушылар тарапынан тұрақты сұраныс пен жоғары қызығушылыққа байланысты әуе компаниясы рейстерді жазғы кезеңге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Рейстер 2026 жылдың 31 наурыыз мен 24 қазаны аралығында аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады", – делінген хабарламада.

Ақтаудан ұшу уақыты сейсенбі күндері 09:05, сенбі күндері 09:25 болып белгіленген. Ал Дубайдан кері рейстер жергілікті уақытпен 13:00-де ұшады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью