Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Марихуана қолданғаны үшін айыппұл салынған қазақстандық Конституциялық сотқа өтінішпен жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Марихуана қолданғаны үшін айыппұл салынған қазақстандық Конституциялық сотқа өтінішпен жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ер адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-1-бабы 1-бөлігінің, сондай-ақ психикалық белсенді заттарды пайдалануды және масаң күйді анықтау мақсатында медициналық куәландыру жүргізу қағидалары жекелеген ережелерінің Конституцияға сәйкестігін тексеруді сұраған.
Анықтама: 440-1-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, сондай-ақ күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, жеке тұлғаға 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
"Іс материалдарына сәйкес, өтініш беруші сотпен каннабиноидтарды пайдалануға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әкімшілік айыппұлға тартылған. Оның пікірінше, затты жеке кеңістікте, басқа адамдарға зиян келтірмей пайдалану жеке өмір саласына жатады, ал жауаптылыққа тарту оның қол сұғылмаушылығына кепілдік беретін конституциялық құқығын бұзады", - деп хабарлады Конституциялық сот.
Конституциялық сот мәліметінше, сот медициналық куәландыру жүргізу қағидаларының дауланып отырған ережелерін қолданбаған, ал заңнаманы қолданудың дұрыстығын тексеру және нақты іс бойынша мән-жайларды бағалау жалпы юрисдикциядағы соттардың құзыретіне жатады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться