24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Қазақстандық педагогтердің еңбек жағдайы соңғы 6-8 жылда анағұрлым жақсарды.
Халықаралық TALIS 2024 зерттеуінің нәтижесі көрсеткендей, қоғам тарапынан мұғалімдер еңбегінің еленуі жөнінен Қазақстан екінші орынға шыққан. Ал жалақының көңілден шығуы жөнінен еліміз Болгария, Колумбия, Румыния және Қытаймен бірге үздік бестікке кірген. Айта кетерлігі, зерттеушілер 2024 жылғы мәліметтерді саралады. Бұл кездегі еңбекақысына риза мұғалімдердің үлесі 71 пайыз болған. 2018 жылғымен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі есе өскен. Тағы бір маңызды көрсеткіштің бірі - таңдаған мамандығына разы болуы. Зерттеу қорытындысы, елдегі ұстаздардың 95 пайызы осы мамандықты таңдағанына қуанатынын білдірген. Айта кетейік, Қазақстанда 23 мыңға жуық білім беру мекемесі бар. Онда 600 мыңға тарта педагог 5 млн 900 мың оқушыға білім береді.