Қазақстандық өнертапқыш ерекше балаларға көмектесетін робот ойлап тапты

15.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Робототехникалық жобаның авторы Айсұлу Тілеуқұлова ерекше балаларға арналған жаңа технология туралы айтты. Оның сөзінше, бұл – баланың дене тепе-теңдігін дамытуға арналған робототехникалық платформа. Құрылғы әр бағытта баяу қозғалып, баланың тепе-теңдігін жаттықтыруға көмектеседі, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Платформа церебралды сал ауруы, аутизм және басқа да неврологиялық диагнозы бар балаларға арналған. Қазіргі коррекциялық орталықтарда қолданылатын балансерлердің мүмкіндігі шектеулі, өйткені оларда кері байланыс жүйесі жоқ.

Ал жаңа құрылғыда арнайы сенсорлар орнатылған. Олар жаттығу кезінде баланың тепе-теңдігін, қысым күшін және қозғалысын тіркеп, деректер жинайды. Бұл мәліметтер арқылы баланың жағдайын талдап, реабилитацияның тиімділігін бағалауға және жаттығу режимін жеке ерекшелігіне қарай өзгертуге мүмкіндік береді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью