Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Ташкент қаласында 92 елден 375 оқушы қатысқан Информатикадан халықаралық IOI 2026 олимпиадасы аяқталды.
Қазақстан құрамасы төрт жүлде иеленді. Ұлттық құрама 1 алтын және 3 күміс медаль жеңіп алып, әлемдік командалық есепте 10-орынға ие болды.
Бұл - Қазақстан құрамасының олимпиада тарихындағы үздік нәтижелерінің бірі. Астана қаласындағы "Spectrum" халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы Максим Цой алтын медаль жеңіп алып, әлемдік жеке есепте 5-орын иеленді. Осылайша ол әлемдегі үздік бес жас бағдарламашының қатарына енді.
© Photo : Пресс-служба Министерства просвещения КазахстанаҚазақстандық оқушы әлемдегі үздік бес жас бағдарламашының қатарына енді
Қазақстандық оқушы әлемдегі үздік бес жас бағдарламашының қатарына енді
© Photo : Пресс-служба Министерства просвещения Казахстана
Күміс медаль иегерлері:
Алдияр Сейтбай - Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған "Білім-инновация" мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Мансур Мамадахунов - Қызылорда облысындағы дарынды балаларға арналған "Білім-инновация" мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Асқар Әкежан - Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы.
© Photo : Пресс-служба Министерства просвещения КазахстанаҚазақстандық оқушы әлемдегі үздік бес жас бағдарламашының қатарына енді
Қазақстандық оқушы әлемдегі үздік бес жас бағдарламашының қатарына енді
© Photo : Пресс-служба Министерства просвещения Казахстана
2025 жылы қазақстандық оқушылар 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, әлемдік командалық есепте 14-орын иеленген болатын. Оқушылар Информатикадан халықаралық олимпиадаға қатысқан жылдар ішінде барлығы 79 медаль жеңіп алды.