Қазақстандық оқушылар физикадан ең беделді халықаралық жарыста ел намысын қорғауда

08.07.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Колумбияның Букараманга қаласында мектеп оқушылары арасында физикадан 56-шы Халықаралық олимпиада (International Physics Olympiad, IPhO 2026) өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. ҚР Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың мәліметінше, әлемдегі ең беделді зияткерлік жарыстардың бірі саналатын олимпиада 4-12 шілде аралығында ұйымдастырылып жатыр. Биыл оған 90 елден 400-ден астам үздік жас физик қатысуда. Олимпиада аясында қатысушылар теориялық және эксперименттік кезеңдерден өтіп, күрделі физикалық есептерді шығарып, зертханалық жұмыстарды орындайды.

"Оқу-жаттығу жиындарының қорытындысы бойынша жасақталған Қазақстан ұлттық құрамасының сапына бес оқушы енді".

Олар: Әмірбек Азатбеков - Астана қаласы Нұра ауданындағы физика-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы; Ілияс Қазымбек - Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 12-сынып оқушысы; Нұргүл Егенбергенова - Астана қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы; Роман Черемнов - Астана қаласы Нұра ауданындағы физика-математика бағытындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы; Дамир Құрман - Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.

Ұлттық құраманың жетекшілері – Самат Мақсұтов пен Әлішер Еркебаев.

Айта кетсек, физикадан халықаралық олимпиада 1967 жылдан бері өткізіліп келеді. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью