Қазақстандық оқушылар XV Еуропалық қыздар математикалық олимпиадасына қатысады

09.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Олимпиада 2026 жылдың 9-15 сәуір аралығында Францияның Бордо қаласында өтеді.

Бұл жарысқа әлемнің 50-ден астам елінен шамамен 200 оқушы қыз қатысады. Қазақстан командасында төрт оқушы мен екі жетекші бар.

Айта кетейік, ел құрамасы EGMO олимпиадасына 2017 жылдан бері үздіксіз қатысып келеді. Осы уақыт ішінде қазақстандық оқушы қыздар 3 алтын, 13 күміс, 18 қола медаль және 4 мақтау грамотасын иеленген. 

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Команда құрамына 4 оқушы қыз енді:

– Катунина Юлия – Павлодар қаласындағы №8 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы;

– Батырхан Аружан – Алматы қаласындағы халықаралық «NURORDA» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;

– Которова Вера – Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 11-сынып оқушысы;

– Қайрат Аружан – Алматы қаласындағы С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысы.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Жетекшілер:

– Васильев Антон Николаевич – ғылыми жетекші, физика-математика ғылымдарының кандидаты, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қолданбалы және негізгі математика кафедрасының доценті;

– Нысанбаев Марат – жетекші, халықаралық математикалық олимпиадалардың жеңімпазы.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық биші жасөспірімдер Олимпиадасының жолдамасына ие болғанын жазған едік. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью