Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
KazLib жобасы академиялық жоспарлау және оқу үлгерімін модельдеуге арналған цифрлық платформа ретінде AAAI Student Membership марапатын алды. Жобаның авторлары Талдықорған қаласындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының оқушылары Аслан Башаров пен Болысбай Нұркелді.
️Екінші жоба Neuralese нейрондық желілерді әзірлеуге арналған визуалды-интерактивті платформа ретінде бірден екі арнайы марапатқа ие болды. Олар AAAI Membership және School Library Membership марапаттары. Жобаны Алматы қаласындағы Панфилов атындағы №54 Қазақстан-Ресей мектеп-лицейінің оқушылары Михаил Исаков пен Рахим Нұрмұханбетов ұсынды.
️Жаңа марапаттар қазақстандық оқушылардың жоғары дайындық деңгейін және еліміздің жасанды интеллект пен цифрлық инновациялар саласындағы әлеуеті артып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді. Бүгінде қазақстандық оқушылар әлемдегі ең ірі ғылыми жарыстарға қатысып қана қоймай, олардың жобалары халықаралық сарапшылар қауымдастығы тарапынан жоғары бағаланып, отандық білімнің жаһандық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін көрсетіп отыр.
️Айта кетейік, Regeneron ISEF әлемдегі ең ірі оқушыларға арналған ғылыми және инженерлік жобалар байқауы болып саналады. Ол жыл сайын ондаған елден үздік жас зерттеушілерді біріктіреді. Биыл байқау АҚШ-тың Финикс қаласында өтті. Биыл Қазақстан атынан бес ғылыми жоба ұсынылып, олардың үшеуі халықаралық конкурстың арнайы марапаттарына ие болды.