Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Аталған байқау Еуропалық оқыту қорының (European Training Foundation — ETF) ұйымдастыруымен өтті. Педагогтер конкурсқа «Заманауи білім беру бағдарламаларының жасыл технологияларды дамытудағы рөлі» тақырыбындағы авторлық жобаларын ұсынып, жаңартылатын энергия көздерін оқу үдерісіне тиімді енгізу, сондай-ақ болашақ мамандардың экологиялық құзыреттілігін арттыру бағытындағы өзекті мәселелерді жан-жақты негіздеді.
— Халықаралық жобаға әлемнің 50-ден астам елінен 250-ден аса үміткер қатысып, іріктеу бірнеше кезең бойынша жүргізілді. Барлық кезеңнен сәтті өткен маңғыстаулық педагогтер өз жобаларын халықаралық сарапшылар алдында жоғары кәсіби деңгейде қорғап, нәтижесінде ең үздік бес жобаның қатарына енді, — делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Италияның Турин қаласында өтті. Салтанатты шара Турин политехникалық университетінде ұйымдастырылған «ЕО — Италия энергетика күндері: энергетикалық ауысуды қамтамасыз ету және нығайту бойынша жаңа іс-қимылдар» атты халықаралық конференция аясында өткізілді. Биылғы рәсім «Green Skills» сыйлығының бес жылдық мерейтойына арналды.
Осыған дейін СҚО-да педагогтерге іссапар шығындары төленбей келгенін жазғанбыз.