Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қазақстандағы пойыздарда сапалы интернет қашан пайда болады? Бұл сұраққа "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов жауап берді, деп хабарлайды Tengri Travel.
Қазақстандағы пойыздарда сапалы интернет қашан пайда болады? Бұл сұраққа "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов жауап берді, деп хабарлайды Tengri Travel.
Ахметжанов пойыздардағы байланыс пен интернет мәселесі өзекті екенін атап өтті.
"Біз жолаушылар тарапынан туындаған бұл қажеттілікті түсінеміз. Былтыр төмен орбиталық спутниктік жүйелерді қолдана отырып, екі үлкен пилоттық жоба өткіздік – OneWeb және Starlink жүйелерін пайдаландық. Біз олардың қажетті деңгейде қызмет көрсетуге техникалық мүмкіндігі бар-жоғын тексеруіміз керек болды. Астана - Маңғыстау, Астана - Шымкент бағытындағы пойыздарда сынақ жүргізілді. Нәтижелер пойыздарда бұл қызметті көрсетуге болатынын дәлелдеді", - деді Әнуар Ахметжанов.
Оның айтуынша, жолаушылар пойыздарын интернетпен жабдықтау жұмыстары басталып кеткен. Сөз тек ҚТЖ құрамдары туралы болып отыр.
"Бүгінде "Нұрлы жол" - Семей пойызы интернетпен толық қамтылды. Қазіргі уақытта Алматы - Павлодар, Павлодар - Түркістан, "Нұрлы жол" - Атырау және тағы бірқатар пойызға терминалдар орнатылып жатыр", - деп толықтырды Ахметжанов.
ҚТЖ жоспары бойынша, жаздың аяғына дейін бағыттардың басым бөлігі спутниктік интернетпен қамтамасыз етіледі.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу