Қазақстандық полиция бөлімінде бомба бар екенін айтты. Мотивтері тіпті сотты да таңғалдырды

31.07.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Астанада полиция басқармасы ғимаратының жанында бомба бар деп жалған хабарлама берген қала тұрғынына қатысты үкім шықты. Сотта оның мұндай қадамға баруына ерекше себептер түрткі болғаны анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға өткен жылы қарашада болған. Байқоңыр ауданының полиция басқармасы жанында болған 34 жастағы ер адам 102 арнасына қоңырау шалып, ғимарат алдындағы орындыққа бомба қойғанын хабарлаған.

Сотта не анықталды?

Сотта ер адам өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін жеткізді. Ол 2020 жылы анасының коронавирустан қайтыс болғанын, соңғы сәттерде қасында болмай, ұйықтауға кеткені үшін өзін кінәлайтынын айтып берді. Басындағы қайғысы туралы туыстарына тіс жармаған ол кейін ішімдікке салынған.

"Сол кезеңде ол өмір сүрмеген, жай ғана күнелткен. Бастапқыда ішіндегі жанын жегідей жеген ауырсынуды басу үшін айқайлайтын болған, бірақ уақыт өте келе бұл да көмектесуді қойған", - делінген үкімде келтірілген оның жауабында.

Сондай-ақ ер адам бұған дейін Instagram-нан біреудің бомба туралы хабарлағанын және оны полицейлер атып тастағанын көргенін айтқан. Осыдан кейін ол шұғыл қызметтерге бірнеше рет қоңырау шалып, адам өлтіргенін немесе бомба қалдырғанын хабарлаған, өйткені "өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттері нәтижесіз болған" (сотта астаналық тұрғынның арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны расталды - ред. ескертпесі). Ал туыстары оны сүйіктісімен айырылысқаны үшін қатты қайғырып жүр деп ойлаған.

Біраз уақыттан кейін Астана тұрғыны батылдық жинау үшін ішімдік ішіп алып, полицияға орындықта бомба бар екенін тағы да хабарлаған.

"Қоғамға зиян келтіру ниеті болмаған, тек өзін өлтірсе екен деген бір ғана тілегі болған. Мән-жайды есіне түсіре алмайды. Ұсталғаннан кейін полиция қызметкерлері оған не істегенін түсіндірген. Психолог онымен әңгімелесіп, анасының өліміне кінәлі емес екенін түсіндіргеннен кейін, ол бәрін қайта саралаған. Бұл теріс қылық ол үшін сабақ болып, мұндай іске баруға болмайтынын түсінген", - деп көрсетілген үкімде.

Қандай үкім шықты?

"Телефон терроршысы" соттан оны бас бостандығынан айырмауды және түзелуге мүмкіндік беруді сұрады. Алайда сот оған нақты бас бостандығынан айыру жазасын кесуді қажет деп тапты - ол қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 2 жылын өткізеді. Сонымен қатар ол колонияда маскүнемдіктен емделу курсынан өтуі тиіс.

Тығырыққа тіреліп, өмірлік қиындықтардан шығар жол жоқтай көрінген сәттерде тегін сенім телефондары немесе психологиялық қолдау қызметтері көмекке келе алады. Қазақстанда мұндай бірнеше қызмет бар. Қандай нөмірлерге хабарласып, іштегі мұңды тарқатуға болады, сілтеме бойынша оқыңыз.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью