Қазақстандық құзға өрмелеушілер Азия чемпионатында қандай нәтиже көрсетті

13.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Аталған байрақты бәсекеде қазақстандық спортшылар «қиындық», «жылдамдық» және «боулдеринг» бағдарламасы бойынша сынға түсті.

ҚР ҰОК мәліметі бойынша, «Қиындық» бағдарламасында Алексей Панфилов 39-орын, Глеб Семешкин 43-орын, Азат Майкотов 45-орын алды. Ал әйелдер арасында Полина Андреева 32-орын, Дарья Кузьменко 33-орын, Виктория Адаменко 34-орынға жайғасты.

«Жылдамдық» бағдарламасында Дамир Тоқтаров 10-орын, Әмір Маймұратов 13-орын, Ришат Хайбуллин 15-орын, Бекнұр Алтынбеков 17-орын, Жандос Қалыбай 38-орын алды. Әйелдер арасында Аделия Утешева 22-орын, Анна Баларшина 23-орын, Арина Новицкая 24-орын, Тамара Ұлжабаева 27-орынға тұрақтады.

«Боулдеринг» бағдарламасында Азат Майкотов 38-орын, Алексей Панфилов 45-орын, Вадим Ишмухаметов, Глеб Семешкин, Кымсан Цой 47-орында жарысты аяқтады. Әйелдер арасында Полина Андреева 33-орын, Дарья Кузьменко 36-орын, Айханым Айдарханқызы 37-орын, Виктория Адаменко 38-орын алды.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан футзал құрамасы Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью