Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
- Иран аумағы үстіндегі ұшу қауіпсіздігіне төнетін қатерлердің күшеюіне байланысты Азаматтық авиация комитеті, ҚАӘ қазақстандық әуе компанияларына Иранның әуе кеңістігі арқылы, оның ішінде үстімен және оған іргелес аймақтарда ұшуларды ерекше өкімге дейін орындауға тыйым салды. Барлық рейстер қауіпті аймақты айналып өту арқылы жүзеге асырылып жатыр, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар ведомство мәліметінше, жағдай ҚАӘ-нің тұрақты бақылауында, қатер деңгейінің өзгеруіне қарай қосымша шаралар қабылданатын болады.
Бұған дейін Үндістанның ірі әуе компаниясы Алматыға рейстерін тоқтатқанын жазғнбыз.