Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Ұлттық контингенттің инженерлік-саперлік тобы БҰҰ мандатына сәйкес Голан биіктіктерінде жүктелген міндеттерді сәтті орындап, 1200-ден астам жарылғыш затты жойған, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар, қазақстандық саперлар жергілікті аумақта, БҰҰ базалары мен бақылау бекеттерінде бес іздестіру іс-шарасын өткізіп, миналы алқаптарға үш барлау шығуын жүзеге асырды.
Сондай-ақ, анықталған оқ-дәрілерге 11 мәрте алдын ала зерделеу жұмысы жасалды.
Жауапкершілік аймағында инженерлік-саперлік топ әскери персоналдың, БҰҰ нысандарының және бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
– Біз миналы алқаптарға барлау жүргіземіз, БҰҰ базалары мен бақылау бекеттерін тексереміз, жарылғыш заттар мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды жоямыз.
Табылған барлық оқ-дәрілер – Сирия аумағындағы қарулы қақтығыстардың қауіпті мұрасы, – деді Бітімгерлік операциялары орталығының материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының офицері майор Ернар Амантайұлы.
Голан биіктіктеріне жіберілер алдында әскери қызметшілер Алматы гарнизонындағы Бітімгерлік операциялары орталығында және Қонаев гарнизонының минасыздандыру орталығында кешенді арнайы дайындықтан өтті.