Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Қазақстандық сейсмологтар 19 тамызға қараған түні Қытайда екі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстан деректер орталығының мәліметінше, алғашқы жер сілкінісі Астана уақытымен 02:36-да болды. Эпицентрі Цинхай провинциясында орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 5,8-ді құрады.
Екінші жер сілкінісі Астана уақытымен 03:53-те тіркелді. Оның эпицентрі Қытай аумағында, Қырғызстанмен шекараға жақын жерде болды. Магнитудасы 4,5-ті құрады.
Еске салсақ, 12 тамызда алматылықтар жер сілкінісін сезген болатын, ол Қырғызстан аумағында болды. Магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісінің эпицентрі Бішкектен оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 127 шақырым, ал Нарыннан солтүстік-батысқа қарай 71 шақырым жерде орналасты.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу