Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Қазақстандық сейсмологтар 20 қазан күні таңертең Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуінің магнитудасы 4,9-ды құрады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстандық деректер орталығының жедел ақпаратына сәйкес, жер сілкінісі Астана уақытымен 05:56-да Қытай аумағында болды. Карта мәліметіне сүйенсек, жерасты дүмпуінің эпицентрі Қазақстан шекарасынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 340 шақырым жерде орналасқан.
Қазақстан аумағында жер сілкінісінің сезілгені туралы ақпарат жоқ.
28 қыркүйек - Қазақстандағы жер сілкіністеріЕске салсақ, 28 қыркүйекте Алматыда бірнеше сағат аралығында бірден үш жер сілкінісі болды. Алғашқы дүмпу сағат 06:32-де тіркелді. Оны қаланың батыс бөлігіндегі аз ғана тұрғын сезді. Алматы ТЖД 28 қыркүйекте сағат 06:32-де Қазақстан аумағында "сейсмикалық оқиға тіркелгенін" хабарлады. Олардың мәліметінше, Алматыда жер сілкінісі сезілмеген.
Сағат 09:38-де келесі дүмпу болды. Екіншісі анағұрлым күштірек болды. Алматыда есептік сезілу күші 3–4 баллды құрады. Мамандар мұны "төменнен келген бір соққы" ретінде сипаттады. Эпицентр алғашқы ошақтан жақын қашықтықта орналасқан.
Үшінші жер сілкінісі сағат 13:53-те болды. Эпицентр Кеген ауылынан шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 60 шақырым жерде орналасты. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 254 шақырым жерде болды. Қалада бұл дүмпулер сезілген жоқ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу