Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Қазақстандық семсерлесуші Кирилл Проходов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырынан көрінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Отандасымыз ақтық бәсекеде Коки Каномен (Жапония) айқасқа шықты. Тартысты бәсекеде жапониялық спортшы 15:13 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, Коки Кано шпагадан Токио-2020 және Париж-2024 Олимпиада ойындарының чемпионы.
Осылайша Кирилл Проходов Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті күміс медальді салды.