Қазақстандық шаңғышылар Италиядағы Олимпиадада 10 шақырымдық жарыста өнер көрсетті

13.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Шаңғы жарысынан Қазақстан ерлер құрамасының өкілдері Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында кезекті мәрте жарыс жолына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Наиль Башмаков, Әмірғали Мұратбеков және Виталий Пухкало 10 шақырымдық жеке уақыт бойынша жарыста өнер көрсетті.

Нәтижесінде Әмірғали Мұратбеков 22:38.2 уақыт көрсеткішімен 43-орынға тұрақтаса, Виталий Пухкало 23:25.9 нәтижесімен 57-орынды иеленді. Ал Наиль Башмаков 24:27.8 уақытпен 74-орыннан көрінді.

Алтын медальді норвегиялық Йоханнес Клебо жеңіп алды - 20:36.2. Бұл оның Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарындағы үшінші алтын жүлдесі. Күміс медаль франциялық Матис Деложға бұйырды (20:41.1), ал қола жүлдені норвегиялық Эйнар Хедегарт иеленді - 20:52.2.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью