Zakon.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қазақстандық спортшы жарыстың жартылай финалына дейін жетті. Бұл кезеңде ол Тайбэй өкілі Жан Лимен кездесіп, финал жолдамасы үшін өткен бәсекеде 12:15 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша Руслан Курбанов құрлық чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Жарыс барысында Курбанов ирандық Али Намазиді, сингапурлық Си То Цзяньтунды, қырғызстандық Илим Бакытбек Уулуды және қытайлық Юйхань Сюйді жеңді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының өзге өкілдері де жоғары нәтиже көрсетті. Кирилл Проходов бесінші орынға ие болса, Ерлік Сертай тоғызыншы орыннан көрінді. Ал Никита Жулинский жарысты 24-орынмен аяқтады.