Қазақстандық спортшы әлемдегі ең үздік мәнерлеп сырғанаушылар қатарына енді

20.02.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Миландағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында еркін бағдарлама бойынша мәнерлеп сырғанаудан жарыс аяқталды.

Олимпиадада қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина өз бағдарламасында тамаша өнер көрсетіп, 138,99 ұпай жинады. Екі бағдарламаның жалпы ұпайы бойынша ол 207,46 ұпаймен 10-шы орынға тұрақтады.

Жүлдегерлер:

1-орын. Алиса Лю (АҚШ) - 226.79 ұпай (жеке рекордын жаңартты)

2-орын. Каори Сакамото (Жапония) - 224.90 ұпай

3-орын. Ами Накаи (Жапония) - 219.16 ұпай

10-орын. Софья Самоделкина - 207.46 ұпай.

© Комитет по делам физкультуры и спортаСофья Самоделкина

Софья Самоделкина

© Комитет по делам физкультуры и спорта

Софья 2021 жылы өзінің жеке рекордтық жалпы ұпайын орнатқан болатын - 205,67 ұпай.

Айта кетейік, қысқы Олимпиада ойындарының тарихында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында тек 2018 жылы ғана Элизабет Тұрсынбаева мен Айза Мамбекова өнер көрсеткен. Элизабет Тұрсынбаева сол Ойындарда 12-орынға тұрақтаған болатын.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью