Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Аталған жарыста қазақстандық спортшы Алинұр Қуатұлы тарихи жетістікке қол жеткізді. Ол қоңыр белбеу иегерлері арасында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.
Бұл жеңіс Қазақстан, Орталық Азия және ТМД елдері тарихындағы аталған санат бойынша Worlds әлем чемпионатында тіркелген алғашқы алтын жүлде ретінде тарихқа енді.
Қазақстан құрамасының табысты өнерін Сейілхан Болатбек жалғастырып, 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қоңыр белбеулілер арасында чемпион атанды. Ол да жарыстың алтын медалін иеленіп, ел қоржынына тағы бір жоғары дәрежелі жүлде салды.
Ал Батыр Теңізбай 64 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алып, ұлттық құраманың жетістігін толықтырды.
Осындай жоғары деңгейдегі әлемдік додада екі алтын және бір қола медаль жеңіп алу – қазақстандық әрі орталық азияда бразилиялық джиу-джитсу тарихындағы ең айтулы жетістіктердің бірі болып отыр.
Қазақстандық спортшылардың жарқын өнері отандық атлеттердің дайындық деңгейі қарқынды өсіп келе жатқанын көрсетіп қана қоймай, еліміздің осы спорт түріндегі халықаралық беделін де айтарлықтай нығайтты.